• Басты бет
  • /
  • 9-сыныптар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы
9-сыныптар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында біздің мектептің 9-сынып оқушылары үшін Қостанай қаласының кәсіптік білім беру ұйымдары мен оқу орындарына экскурсиялар, тақырыптық сағаттар, кәсіптік бағдар беру ойындары, тренингтер, шеберлік сыныптары үнемі өткізіліп тұрады. Түлектердің кәсіби бағдарлануының ерекше маңызды аспектісі өнеркәсіптік кәсіпорындарға бару болып табылады. Мәселен, біздің түлектер сынып жетекшілерімен бірге "Большевичка" тігін фабрикасына барды. Фабрика қызметкерлерімен кездесу балаларға болашақ мамандықтың ерекшеліктерін айқын көрсетуге көмектесті, өйткені оларға жұмысшы мамандықтары туралы білу, болашақ оқу орнын анықтау үшін олардың еңбек нарығындағы орнын білу маңызды.